Меню KDT
МЕНЮ
School-gymnasia №22
ул. Жанайдара Жирентаева 16, Астана 010000
22_school.astana@mail.ru
+ 7 717 250 17 51
KZ / RU

Новости

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткен «Абай-дана, Абай-дара» атты мәнерлеп оқу байқауының есебі

Мектепшілік педагогикалық кеңестің қаулысы бойынша жоспарланған  іс-шара
04 наурызда  №22  мектеп-гимназиясы мұғалімдер арасында  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  «Абай-дана, Абай-дара» атты  байқау өтті.
Байқау мақсаттары:
 -Ұлы ақынның өнегелі  шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айту. 
-  Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей , сайыс барысында   артында өлмейтұғын сөз, әдеби мұра  қалдырған  ұлы ақын  туралы  сөз қозғалды.
  Байқауды мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері  ұйымдастырды. Мектеп ұстаздары ақынның ең үздік өлеңдері мен   әндерін  орындады.  Акт залында ойшыл, ақын шығармаларының    көрмесі ұйымдастырылды.
      Байқау ережесіне сәйкес 16 ұстаз- үміткерлер  Абайдың  білім, ғылым, өнер, табиғат, рухани  құндылықтар, казақ  елі   тақырыптарына  өрілген поэзиялық шығармаларын,қара сөздерін жатқа оқыды.
       Абай әндерін  химия пәні мұғалімі Нуралина Толқын Дарханқызы және  музыка пәні мұғалімі Кабиева Жанар Қайыргельдиновна  әдемі шырқады.
      Қазақ тілі пәні мұғалімі Мусина Айымгуль Жаксылыққызы Абайдың «Ескендір» поэмасын тамаша оқығаны үшін    ең үздік атанды.  Смағулова Өрік Мұхамедқызы өлеңді нақышына келтірсе, биология пәні мұғалімі Шаяхметова Нурия Каюмовна өлеңді ағылшын, орыс тіліндерінде  оқыды. Орыс тілі пәні мұғалімі Рахимова Айгүл Қуандыққызы  ақынның «Он бесінші қара сөзін» мәнерлеп, пайымдап әдемі орындады.  Залда отырған барлық қауымға үлкен әсерін қалдырды.
      Бастауыш сынып мұғалімдері Шукурова Дильноза Бобиршаевна, Ермұқан Есенгуль Боранбаевна, Танатова Жанар Мұхтаровна  да  мәнерлеп оқуға тырысты.
     Дене шынықтыру пәні  мұғалімі Кибкало Вера Николаевна сахнаға қазақ  ұлттық киімімен   шығып,  «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін өте жақсы орындады.
      Байқау қатысушылар  жұмысын  мектеп  әкімшілігі  мен мектеп кітапханашысы Сыздыкова Б.И, орыс тілі пәні мұғалімі Дюсенбекова Р.К   сынды   мұғалімдерінен құрылған  қазылар алқасы, қатысушыларды  бағалап,  жеңімпаздарды анықтады.
      Ал қазылар алқасы  қорытынды жұмысы кезінде музыка пәні мұғалімі  сүйемелдеуімен Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін бүкіл қатысушылар мен көрермендер сүйсіне орындады.
     Қазылар алқасы шешім шығару барысында байқаудың бағалау критерийлерін  басшылыққа алып, жеңімпаздары мақтау қағазымен марапаттады.
      Байқау соңында  қазылар алқасының төрайымы  мектеп директорының  тәрбие жөніндегі орынбасары  Нұрғалиева А.К. сөз алды.
      Өз сөзінде ұлы ақынның қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау ретінде алуымызды,  қазақ сөзінің киесі қонған  қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы болатынын атап өтті  және байқау жоғары деңгейде  өтті деген баға берді.
Орындаған ӘБ жетекшісі: М.Нурова
  Байқау көріністері:

  

  

  

  

  


06.03
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь