Меню KDT
МЕНЮ
School-gymnasia №22
ул. Жанайдара Жирентаева 16, Астана 010000
22_school.astana@mail.ru
+ 7 717 250 17 51
KZ / RU

Новости

Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы

«Бүкіл мұсылман шығысының аса ұлы ойшылы Әл-Фараби өзінен бұрынғылар тек шет пұшпақтап айналасқан көп мәселелер бойынша аса зор жұмыс тындырды. Бұл кемеңгер адам грек философиясының ең терең қырларына дейін бойлап, байыбына жетті. Сондықтан да Шығыста философияны ғылыми зерттеуді шын мәнінде бастаушы кім дегенде, басқа ешкім де емес, тек соның есімі аталуы керек».

А. МЮЛЛЕР,
немістің Шығыс зерттеушісі

Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жыл

№22 мектеп-гимназиясында  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғлімдерінің    ұйымдастыруымен қазан  айында жоспарланған іс-шаралар апталығы өткізілді.


Мақсаты:  Әбу Насыр әл – Фараби өмірімен таныстыру және  ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу.

     2020 жылғы 20  қазанда онлайн режимінде ZOOM платформасында ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әбу Насыр Әл-Фараби-ұлы тұлға» атты тақырыбында 10 сыныптар арасында онлайн-дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.  

   Дөңгелек үстелдің мақсаты — оқушыларды Әл-Фарабидің ғылыми мұрасының көпқырлы қызметі мен өмірімен танысу.

   Оқушылар онлайн-дөңгелек үстел барысында Әл-Фарабидің мұрасын талқылады.

   Олар өздерінің зерттеу жұмысын жүргізу барысында Әл-Фараби — Ибн Сина, аль-Бируни, Омар Хайям, Наср ад-Дин ат-Туси т.б. атақты философтар мен ғалымдар мұсылмандық Шығыстағы, оның ішінде Орта Азия мен Қазақстанда прогрессивті әлеуметтік-философиялық ойдың негізін қалаушылардың бірі және ол таза философиялық және логикалық еңбектермен қатар көптеген табиғи-математикалық және жаратылыстану-философиялық еңбектер жазғаны туралы, Әл-Фараби шығыста да, батыста да ғылымның одан әрі дамуына үлкен әсер еткен бай ғылыми мұра қалдырғаны жайлы үлкен жұмыс атқарды.

    Оқушылардың дөңгелек үстел барысында бұл ойшылдың ғылыми мұрасын зерттеу, оның әлемдік ғылым мен өркениетке әсерін анықтау бүгінгі күні де өзекті тақырыптың бірі екеніне әбден көздері жетті.

   Әбу Насыр Әл-Фараби туралы мәліметтер топтастырылған қысқаша бейнематериалдар көрсетілді.

   Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің еңбектерін әлі де тереңдетіп зерттей түсу-бұл болашақ жастардың ісі. Сондықтан, осындай дөңгелек үстелді ұйымдастыру арқылы жастарға тәрбие беру және жастардың болашаққа деген ынтасын арттыру үшін осы шара өткізілді.

   Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз пікірлерімен бөлісті. Әл-Фарабидің рухани мұрасын сақтауға, зерделеуге және насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргізуге болатыны туралы идеяларын ұсынды.

Осы ұйымдастырылған  дөңгелек үстелдің әлеуметтік мәні зор  әрі жастарға берер тәлімдік-тәрбиелік маңызы орасан екеніне сенімдіміз.

  

Ұйымдастырған: Арыстанова Р.Р.                                 Кустаубаева З.С.

 

5-сынып оқушыларымен бірге «Отырарлық ғалым Әбу Насыр әл Фараби» атты әдеби кеш өткізілді. Кешіміз: «Бақытқа жету жолында халық бір – біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады» деп Әл Фарабидің сөзімен басталды. Іс – шараны өткізудегі мақсатымыз-Ұлы ғалымның өнегелі өмірімен таныстыру, ғалымның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, құнды еңбектер імен танысты.



Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. – кейінгі ұрпақтардың бойында Әбу Насыр әл Фарабидың туындыларына деген қызығушылық пен құрметті арттыру, бұл ұлы тұлға, біздің мақтанышымыз екендігін дәріптеп, Әбу Насыр әл Фарабидың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы білімін тереңдету, сонымен қатар өскелең  ұрпаққа Әбу Насыр әл Фараби туындыларының мәнін жеткізу, нақыл сөздерін насихаттау, оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, туған еліне және жеріне деген махаббатын ояту болып табылады.



 Іс – шарада оқушылар өздерін жан-жақты көрсетті.  Әбу Насыр әл Фараби өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар қалың елін, биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. 

ӘБ меңгерушісі: Нұрова М.Қ.

04.11
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь