Меню KDT
МЕНЮ
School-gymnasia №22
ул. Жанайдара Жирентаева 16, Астана 010000
22_school.astana@mail.ru
+ 7 717 250 17 51
KZ / RU

Новости

Ұлы ақын – Абаймен танысқаным.

Нұр- Сұлтан қаласы
№22 МГ
3 «В» сынып оқушысы
Нияткулова Медина

Менің атым - Медина. Біздің мектепте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Мен де байқауға дайындалып қатыстым.
Абай Құнанбайұлы - ұлы ақын, дара тұлға, аудармашы екенін білдім, оның табиғат туралы жазған өлеңдерін жаттадым. Ақын өз жерінің табиғатын өлең жолдарымен көз алдына елестеткен. Жылдың төрт мезгілі алдымда болды: қыстың дүрсілдеген бораны, аяқ астында сықырлаған қар, жазғытұрым даланың гүлдермен жайнағаны, күздегі жапырақсыз сорайған ағаштар, көктемдегі мөлдіреген көлдің суы.
Ұлы ақын өз жерін сүйіп, сөзбен сурет салып, туған өлкенің табиғатымен таныстырды.
Мен Абайдың басқа да өлеңдерімен танысып, жаттаймын. Анам: «Абайдың «Қара сөздері» керемет шығарма» -деді. Мен де оны оқып түсінгім келеді!

18.11
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь