Меню KDT
МЕНЮ
School-gymnasia №22
ул. Жанайдара Жирентаева 16, Астана 010000
22_school.astana@mail.ru
+ 7 717 250 17 51
KZ / RU

                                                                       Хабарландыру!

 

«№ 22 мектеп-гимназиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. 

Мектептің мекен-жайы: Жанайдар Жирентаев көшесі 16.

Мектептің электронды поштасы: 22_school.astana@mail.ru,

Телефоны 87172501751

 

Директордың ақпараттық байланыс  технологиялары жөніндегі орынбасары, кәсіптік бағдарлау жөніндегі менеджер,психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог,
бастауыш сынып мұғалімдері (орыс тілінде оқытылатын) қажет.

Біліктілік талаптары:

 

  1. Педагогикалық білім.
  2. Жоғары кәсіпқойлық.
  3. MSOffice (Access, Excel, PowerPoint, Word) пакетін жақсы білу,
  4. электронды поштамен (@mail.ru, @gmail.com) жұмыс.
  5. MicrosoftTeams, kundelik.kz платформаларында жұмыс істей алу.

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға 22 қыркүйектен бастап 01 қазан аралығында келесі құжаттарды электронды  (22_school.astana@mail.ru) түрде жолдауы

немесе жазбаша түрде (Жанайдар Жирентаев көшесі 16. № 22 мектеп-гимназия) ұсынуы қажет.

 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын  біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 
5)  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 
бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық  жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7)  психоневрологиялық ұйымнан  анықтама;
 
8)  наркологиялық  ұйымнан  анықтама;

9) ұсыныс  хат

10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік
санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

Байланыс:

Түйіндемені мектептің электронды поштасына «Түйіндеме» белгісімен жіберу керек: 22_school.astana@mail.ru,

Толтырылған құжаттарды мектептің қабылдау бөліміне  әкелу қажет.