Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің «№ 22 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК

2025 жылғы 5 - қыркүйекте мектебімізде Қазақстан халқы Тілдер мерекесі күніне орай «Тіл -достықтың кілті» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс - шараның мақсаты: Оқушыларға Қазақстан халқы тілдер мерекесінің мәнін түсіндіру. Оқушылара тілге деген құрметін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. «5 қыркүйек - Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ол - қазақ тіл білімінің атасы. Сондықтан бұл күн - тілдер мерекесі болып аталады.»

Оқушылар арасында әңгіме - дүкен, ойын элементтері, жасырын кесте, сөздер аукционы, сөйлеп үйренейік, суретті мәтінді сөзбен толықтырып оқу ойындары өткізілді.

«Тіл -ұлттың жаны, халықтың қазынасы,достықтың алтын көпірі.Өз ана тілімізді сүйіп,басқа ұлттардың тілін құрметтей білу -елдіктің белгісі. Біз бір шаңырақ астында тату - тәтті өмір сүріп келеміз. Сол татулықтың негізі - өзара түсіністік пен құрмет».

Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген - түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген  адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең ойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз - тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері:

Арыстанова Р.Р.

Мустекова Р.К.