5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Бұған дейін (1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап) 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған. Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Осыған орай, № 22 мектеп-гимназиясының 5,6 сыныптың қазақ тілі мұғалімдері « Тілім менің –тірегім» атты тілдер күнінің ашылу салтанатын өткізді. Ашылу салтанатында оқушылар қазақ,орыс, украин, белорус , түрік тілдерінде өлеңдер оқып, домбырамен күй тартып, қазақша ән шырқап, шашу шашып, білім алушылар мен ұстаздар қауымдастығын іс-шаралар жоспарымен таныстырып, оған белсенді атсалысуға шақырды Әукен Серік Әли Гүлзипа

# 22 мектеп-гимназия #Тілдер мерекесі#Тілдер күні **# Қазақ тілі мен әдебиеті**