5 қыркүйек – Тілдер мерекесі. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған – мемлекеттік тіл. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Осыған орай мектебіміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтуде.Соның бірі 3 қабаттағы лездемелердің бірінде өткен "Тіл-достықтың алтын көпірі" атты іс-шара. 8-10 сынып оқушылары 3 тілде өлең оқып, тілдің орны әрқашанда бөлек, мәртебесі жоғары екенің көрсете білді.Барлық қатысушылар мен көрермендерге рақмет! Тілімізді ардақтай білейік!!! Дайындаған: Жарқынбек Қ.С. Макаева Б.И.