Қалалық турнир

Өткен сенбіде, 18.02.23ж күні мектебіміздің қабырғасында «1 Наурыз- Алғыс күніне» орай Алматы ауданының мектептері арасында пікірсайыстан қалалық турнир өткен болатын. «Эверест» дебат клубы өздерінің ұйымшыл әрі әділ екенің көрсете білді.Мектебіміздің қонақтары – 51 мектеп-лицейі, 32 мектеп-гимназиясы, А.Байтұрсынов атындағы «Бином» мектебі, 13 орта мектеп, 28 мектеп-лицейі, 30 мектеп-гимназиясы және 92 мектеп-лицейлері.Жалпы турнирде 2 іріктеу раунды, жартылай финал және бірден финал болды. Жүлделер: І орын- «Сократ-1» фракциясы 28 мектеп-лицейі және 22 мектеп-гимназиясы; ІІ орын- 13 орта мектеп; ІІІ орын- 51 мектеп-лицейі және 30 мектеп-гимназиясы. «Үздік төреші» - Рябцев Юрий 28 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы; Сонымен қатар бірнеше «Үздік спикер» және «Үздік сарапшы» номинация жүлдегерлері болды. Қатысқан барлық командаларға алғыс хат берілді. Барлық қатысушыларға демалыс күні келіп, алтын уақыттарынызды бөлгендерініз үшін алғыс білдіреміз, келесі турнирде жолыққанша!

ushqyroialani#jasdebater2022#debat22