Қазақ халқының ұлттық ойындары.

Ежелгі қазақ даласын мекендеген түркі тілдес халықтарға тән және тарихи-рухани сабақтастығымызды білдіретін мереке-мейрамдардың арасында халқымыз үшін өзінің сүйікті мейрамы – “Жаңа жылы” – “Наурыз”. Көктемгі күн мен түннің теңелуі – табиғаттың оянуының символы ғана емес, ұлы достықтың, бірлік, бейбітшіліктің, мейірімділік пен келісімнің мерекесі. Әр жыл сайын Наурыз мейрамы елімізде ерекше атап өтіледі.
12 наурыз күні мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Наурыз мерекесіне орай 8-11 сынып оқушылары арасында ұлттық ойындар өткізді. Балаларға арналған қазақтың ұлттық ойындарының айрықша ерекшелігі - ұтқырлық, ептілік және ұқыптылық. Ұлттық ойын арқылы балаларға қазақ халқының ұрпақтары мен игіліктерінің даналығы беріледі. Ойындар балаларға жанашырлық сезімін, командалық қолдауды және жеңімпаз болуға деген ұмтылысқа бейімдейді. Оқушылар: Арқан тарту, Тоғызқұмалақ, Итеріспек, Оқтау тарту, Ләңгі тебу ойындарында бақтарын сынап, кімнің ең епті және жылдам екенін көрсетті.

наурызшуағы

наурыз2024

ұлыстыңұлыкүні

мектепішілікжәнестуденттікпарламент

школьныйистуденческийпарламент

білімбасқармасы

РУМЦДО

@oqu_aqartu_ministirligi @bilimastana @rumcdo_official @sherraisa @k.sengazyyev_official @baykenyesset @parlament_school_student @dvoressholnikov

https://www.facebook.com/100006228918239/videos/2067652440270798/