Сәуір айының 15 күні мектебіміздегі "Табысты оқушы жылы" жобасы аясындағы "Қазақ тілі күні" жоспарына сәйкес, 7-сынып оқушыларымен "Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні" тақырыбында танымдық конференция өткізілді. Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Аурудан аянған күштірек», «Мейірімді бала», «Палкан деген ит», «Қанағат», «Өтіріктің залалы», «Тәкаппаршылық» т.б. бұл әңгімелері жастарды әдептілікке, сабырлылыққа, салмақтылыққа және әділ, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелейді. Оның басқа әңгімелерінің де түйіні жастарға өнегелі тәрбие беру болып табылады. Конференция барысында 7 В сынып оқушылары Байдалина Малика "Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы", Искам Алина "Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік маңызы" тақырыптарына баяндамалар оқып, 7 "М" сыныбының оқушылары "Бақша ағаштары" әңгімесіне көрініс көрсетті. Конференция соңында оқушылар алған білімдерін тиянақтап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін шыңдай түсті. Ұйымдастырушылар: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Жаукина Ж.А., Шаяхметова Н.У., Нурова М.К., Айтыбаева Н.М