«Қазақ тілі мен әдебиеті айлығы аясында “Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу” сайысы өткізілді

13 наурыз күні «Қазақ тілі мен әдебиеті айлығы аясында “Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу” сайысы өткізілді. Аталмыш шараға 7 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сайыста қатысушылардың өнерін бағалау мақсатында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Н.Қ. Қожанбекова қазылық етті. Қатысушының өлеңді мәнерлеп оқуына, әртістік қабілетіне және өлеңнің ерекшелігіне баса мән берілді. Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау арқылы жастардың қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылып, 7-сынып оқушылары арасында тартысты өткен жарыста Бас жүлдені 7 «Б» сынып оқушысы Сон Олег жеңіп алды. Сондай-ақ, қатысушылар 1, 2, 3-орынды да иеленді. Іс-шара соңында Н.Қ. Қожанбекова оқушылардың өнерлеріне баға беріп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Барлық қатысушы өнерпаздарға арнайы Грамоталар табысталды.