Бүгін үзіліс уақытында қазақ тілі мен әдебиеті айлығының аясында “Кім тапқыр?” атты кішігірім ойын өтті. Ойынның шарты - қабырғада ілінген шарларды жарып, сұрақтарға дұрыс жауап беру. Сұрақтардың тақырыбы ұлттық мерекелеріміздің бірі-Наурызға арналды. Барлық оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтарға жауап берді. Олар кішігірім тәтті сыйлықтарға ие болып, ойынға ризашылықтарын білдірді. Дайындаған: Мырзабекова Д.С. Жарқынбек Қ.С.