2023 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 12.00-де Астана қаласының білім беру ұйымдарында 10 минут бойы дене шынықтыру минуты челленджі өтті.Аталған челлендждің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.Бұл челленджге 22 мектеп-гимназия оқушылары белсене қатысты. Іс-шара Астана қаласы Мектеп және студенттер парламентінің жоспарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.Дене шынықтыру минуты челленджі – дене жаттығуларының кешені болып табылады.Оқушылар спорттық киіммен, мектептің спорт залдарында, ырғақты музыкамен ұйымдастырушылардың басқаруымен ұсынған жаттығуларды орындады.