Мақсаты: Әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі анықтауға қабілетті, өз халқының тарихы мен дәстүрлерін білетін, бірнеше тілді білетін, барлық жағдайда үш тілде коммуникативті-белсенді операцияларды жүзеге асыруға қабілетті, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын көпмәдениетті тұлғаны дамыту. өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойлары, баспасөз материалдары, слайдтар Түрі: дөңгелек үстел
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі. (Н. Назарбаев) Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл. (Әбіш Кекілбаев) Қазақ тілі - қазақтың маңдайындағы жалғыз жарық жұлдызы. (Асылы Осман) Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы (Ш. Айтматов)
Дөңгелек үстелдің барысы: Кіріспе сөз: Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. Тілдер мерекесі аясында өткізіліп отырған "Үш тілід білу-заман талабы"» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер, дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашамыз.
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.
III. Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын "Ана тілім – дана тілім" тақырыбына арналған слайд - шоуға назар аударайық.
IY. Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту. Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.
Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
- Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
- "Үш тіліді білу-заман талабы"дегенді қалай түсінесіздер?
- Қазақстандағы үштілділік саясатының мәні неде?
- Қазір жастар арасында мемлекеттік тілге деген көзқарас өзгерді ме, өзгерсе қаншалықты деп ойлайсыздар?
Y. Әр сұрақтан кейін сыныптағы оқушылардың да жауаптары, пікірлері тыңдалады.
YI. Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің бүге - шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой - пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар дей отырып Абайдың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегіңде болсын көз. Көңіл бөліп қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!
Өткіген іс-шара туралы есеп
Тілдер мерекесіне орай 10 сыныптар арасында "Үш тілді білу-заман талабы"» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты - Әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі анықтауға қабілетті, өз халқының тарихы мен дәстүрлерін білетін, бірнеше тілді білетін, барлық жағдайда үш тілде коммуникативті-белсенді операцияларды жүзеге асыруға қабілетті, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын көп мәдениетті тұлғаны дамыту. өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту. Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын "Ана тілім – дана тілім" тақырыбына арналған слайд - шоуға назар аударайық. Дөңгелек үстелде талқылыған сұрақтар:
- Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
- "Үш тіліді білу-заман талабы"дегенді қалай түсінесіздер?
- Қазақстандағы үштілділік саясатының мәні неде?
-
Қазір жастар арасында мемлекеттік тілге деген көзқарас өзгерді ме, өзгерсе қаншалықты деп ойлайсыздар?
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындалды.. Туған тілім - тұғырым. Бұл жастардың басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Дайындап өткізген мұғалімдер: Макаева Б.И., Кизатулина Г.А. https://www.facebook.com/groups/1654419974645641/permalink/6529027843851472/https://www.facebook.com/groups/1654419974645641/permalink/6529027843851472/