Бүгін ШЖҚ МКК «№22 мектеп-гимназия» мектебімізде мұғалімдер арасында әдемі шара өтті. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын!Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып. Жақсылыққа жаршы болған Наурызым! Сен өмірдің көктемісің мәңгілік! Наурызды «жыл басы» деп танығанымен, оның барша болмысын, философиясын жыл алмасумен шектемейді.Шарамызда Қыдыр ата батасын беріп, Жер-Ана құттықтау сөздерін сыйлады, шашуын шашты. Дәстүр бойынша Наурыз мейрамын бүкіл мектеп ұжымы болып дастарқан жайып, ән, би, өлең, салт-дәстүрлерді көрсетті. Наурыз мейрамында әркім жылы шырай сезіне бастап, сағынышты көрісулерімен, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алды. Мектебімізде он күн бойы Наурыз мейрамын атап өтудің мерекелік шаралары жоғары дәрежеде өткізілді. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын ағайын!