Наурыз мерекесі қарсаңында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ахыт Еркегүл мен Нурканова Жұлдыз 2 «ж» сынып оқушыларымен «Тұсау кесер» дәстүрін өткізді. Сыныптың ата—аналары кішкентай бөбектерін әкеліп, бөбектердің қадамдарын ашқызды. Балалардың тұсауын тәжірибелі ұстаз Бибігүл Кенесқызы кесті. Кішкентай бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, балалар өлең оқып, ән арнады. Мереке тәтті шашуға ұласты. Қадамдарың құтты болсын, кішкентай балапандар!
Біртұтас_тәрбие
Наурызнама
қаражорғабиі
@parlament_school_student @bilimastana @rumcdo_official