Шеберлер алаңы

22.12.2023 күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Шеберлер алаңы» викторинасы өтті. Викторинаның ашылу салтанатында 6-сынып оқушысы Серали Ислам ән айтып, Жақсылықов Әл-азим мен Жалғасханұлы Санжар ұлттық аспабымыз дамбырада күй шертті. Викторинаның мақсаты ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оқушылардың қазақ тіліне деген құрметі мен қызығушылығын арттыру. «Есіңе түсір» интеллектуалдық ойынында түрлі тақырыптағы сұрақтар қойылып , Никитина Софья Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқыды. Сонымен қатар, ұлттық ойындарымызды дәріптеу мақсатында «Бес асық» ойынын ойнатты. Балаларға асық қағу мен Ханталапай ойындары түсіндірілді. «Біздің күшіміз – бірлікте» деп, оқушыларға ынтымақта жұмыс істеудің маңызы жайында түсіндіру үшін, «Бірлік» тренингі өткізілді. А.С.Құттыбай, Б.Ш.Копбасова,Н.М.Айтыбаева Е. Багзат