«Тілдер мерекесіне» арналған «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте»» атты апталықтың ашылуы туралы мәлімет

Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! Қадыр Мырза Әли

Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі,тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге,ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап ,жауапкершілікті сезінеді. Өйткені ,мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да,ең өзекті мәселе. Қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» атты тілдер апталығының ашылуына орай лездемелер 6-шы, 7-ші сыныптар арасында өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына , еліне сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Елімізде тұрып жатқан барлық ұлттардың тілдерін,мәдениетін,сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып,маңызды белсенділік танытқан жеке тұлғалар туралы, сонымен қатар «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тіл білімінің атасы» жайлы ақпарат берілді, оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.

№22 мектеп-гимназиясының» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Нурова М.К, Жүргенбаева А.С.

2.jpg

3.jpg

1.jpg

4.jpg