#Тәуелсіздік күні #День независимости

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын, Алдымыздан барлық үміт ақталсын. Тату-тәтті бірге болып қашанда, Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын, - деп, алдымызда келе жатқан ұлы той – Тәуелсіздік мерекесіне және осы тәуелсіздікті аңсап өткен ХХ ғасырдың басында ұлт-азаттық көтерілісті бастап шыққан «Алаш қозғалысының» қазақ зиялыларының бірі-Міржақып Дулатовқа арналған «Оян, қазақ!» атты кешімізді бүгін өткіздік. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мыржақып Дулатовтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды.
Бүгінгі кешімізде 10-шы сынып оқушылары Мыржақып ағамыздың өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдерін негізге ала отырып, өздері жазып алған тамаша өлеңдерін оқып шықты және «Оян қазақ!» өлеңіне арналған өздері салған суреттерін ұсынды. М.Дулатовтың бойындағы әрі ақындық, әрі жазушылық, әрі аудармашылық, әрі журналистік қабілеттерін бір қырынан байқап көрмек жайында шағын қойылым қойылды. Біздің кешіміздің сонында құрметті әділқазылар белсенді қатысқан оқушыларды марапаттады. Кемеңгер Ұлы Мұхтар «Дулат – бар ақындық қуатын ел-жұртының санасын өлеңмен оятуға ат салысқан тарихи тұлға» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймыз. Сол себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық деп кешімізді аяқтадық. Дайындап өткізгендер: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері - Макаева Б.И., Кизатулина Г.А.

Астана қаласы №22 мектеп-гимназиясының
Кравчук Данил 10 «Е» сынып оқушысы «Қараңғы заманда»
Қараңғы заманда, аяусыз тағдыр қолында, Жарқын сәулесін жоғалтып алды Алаш Орда. Қазақтың жүрегі ауыр езгіден соғады, Репрессиялар белгісіздік бұлағындай ағады. Еркіндіктен айырылған жер жылайды, Алаш қанатсыз құстай тордағы көлеңкеде. Сенімнен айырылған қазағым қиналады, Оян, жұртым, айқайла шындығынды. Тағдырдың зұлымдық найзасы қадалғанда, Ұйықта, халқым, тек ұйқының құшағында. Жанымыз үмітке толы гүл бағындай, Өшпейді, күн нұрында туылады Алаштай. https://www.facebook.com/groups/1654419974645641/permalink/6904624342958485/?mibextid=oMANbw

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

9.jpeg

10.jpeg

11.jpeg

12.jpeg