№22 мектеп-гимназиясында ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын қыздарға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау, жас буынды патриот етіп тәрбиелеу мақсатында «Қыздарға әсемдік жарасады» атты 7- сынып қыздары арасында «Қыз сыны – 2024» байқауы өтті.
Осы байқауға қатысқан тотыдай таранған, алтындай
ардақты, жібектей созылған, мақпалдай
масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш
қасты сымбатты аруларымыз өздерін таныстырып,қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап,салт-дәстүрге қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беріп,ою-өрнек ойып,өнерлерін көрсете білді.
Бауқау қорытындысында 1 орынға 7 “М”сынып оқушысы Төлепбай Медина,2 орын 7 “Г” сынып оқушысы Балабекова Еңлік,
3 орын 7 “ А“ оқушысы Досанова Инжу ие болды.
Кенжеғали Мариям,Абилова Аяна,Салимова Тамила, Арайлым Өмірзақ,Медеубаева Анель,Шойынбекова Сара атты қыздарымыз өз өнерлерімен, біліктілігімен және сымбаттылығымен ерекшеленіп Іздемпаз ару, Кербез ару, Сүйкімді ару, Инабатты ару , Сымбатты ару , Білімді ару, Зерделі ару, Өнерлі ару номинациялар бойынша
қыз сынынан сүрінбей өтіп, дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.
Сайысқа қатысып, тамаша өнер көрсеткен қыздарымызға үлкен алғысымызды айтамыз.
Біртұтас_тәрбие
Наурызнама
қаражорғабиі
@parlament_school_student @bilimastana @rumcdo_official