“ЖАҢА МЕКТЕПКЕ - ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ” байқауы

Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, педагогтердің иновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында “ЖАҢА МЕКТЕПКЕ - ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ” байқауы өтті. Байқауға еңбек өтілі 3 жылға дейінгі 46 жас маман қатысты. Бірінші кезеңде “ Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз” тақырыбында эссе жазды. Екінші кезеңде “ Шығармашылық жолдың бастамасы “ бейнебаян жасады. Екі кезеңнен іріктеліп алынған 9 жас маман 3 - кезеңде ашық сабақ сабақтар өткізді. Нәтижесінде Базарханова Динара Думанқызы “ЖАҢА МЕКТЕПКЕ - ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ” атты жас педагогтердің қалалық байқауына қатысып, жан-жақты ізденісіңізбен шығармашылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Бұл байқау үш кезеңнен тұратын, бәрінен сүрінбей өтіп , Динара Думанқызы өзінің білікті, еңбексүйгіш, өз пәнін жетік білетінін дәлелдеді. Жарайсың, құтты болсын! Осындай биік шыңдардан көріне беріңіз.