"Жас Ұлан" ұйымына қабылдап, ұлықтау рәсімі
Біз, «Жас Ұлан» — болашақтың жастары,
Біз, «Жас Ұлан» — ашық әркез аспаны.
Біз,«Жас Ұлан» — еліміздің ұланы,
Біз, «Жас Ұлан» — болашақтың бастауы.
Бүгін, қараша айының 17 жұлдызында, №22 мектеп-гимназиямызда Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына Ұланбасымен оның әкімшілігін салтанатты түрде қабылдап, ұлықтау рәсімі өтті.
Қазан айында "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасысы лауазымына үміткерлерге дауыс беріп, сайлауда барлық мұғалімдер мен оқушылар ат салысқан болатын. Сайлау барысы таңдау құқығының теңдігі мен еркіндігі қағидаларының негізінде жүзеге асты. Нәтижесінде ең көп дауыс жинаған үміткеріміз - 7 "К" сыныбының оқушысы - Сексембаева Нұрай Ұланбасы болып тағайындалды. Ал қалған үміткерлер: 7 "Л" сыныбының оқушысы - Байкадамова Дильназ бен 6 "Г" сыныбының оқушысы - Маратов Жангир Ұланбасының бірінші және екінші орынбасарлары лауазымына, 6 "М" сыныбының оқушысы - Төлепбай Медина - "Руханият" фракциясының министрі, 6 "Ж" сыныбының оқушысы - Темирлан Амир БАҚ (Бұқаралық Ақпарат Құралдары) министрі, 6 "А" сыныбының оқушысы - Аскерова Дамира - "Салауат" фракциясының министрі, 7 "Е" сыныбының оқушысы - Свечников Давид - "Жеті Жарғы мен Отан" фракциясының министрі, 7 "Ж" сыныбының оқушысы - Абдрахманова Камила - "Зерде мен Еңбек" фракциясының министрі, 7 "Г" сыныбының оқушысы - Сыздыков Санжар - "Экоәлем" фракциясының министрі және 6 "Ж" сыныбының оқушысы - Зейнолла Амина - Дебатшылар мен жас еріктілер министрі болып тағайындалды.
«Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көшпес бұрын ұйымның мақсат-міндеттерімен және ережелерімен таныстырдық.
«Жас Ұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
-
Туған елін шексіз сүйеді.
-
Қазақстан Республикасының Туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, Мемлекеттік Әнұранды жатқа айту керек.
-
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
-
Жасұлан ұйымының мүшесі – Отанына адал азаматтар!
"Жас Ұлан" ұйымының көшбасшыларына мектебіміз мен Отанымызға адал қызмет етіп, еліміздің мақтаныштары болуларына тілектеспіз!
Құрметпен, №22 мектеп-гимназиясының аға вожатыйы – Ыбырайым Гүлпадиша Нұрманқызы.