«Жеті қазына» ұлттық өнер көрмесі

11-наурыз күні мектебіміздің 1-қабатында 7-8-сынып қыздарының Наурыз мерекесіне орай және жыл көлемінде дайындаған ұлттық қолөнер бағыты бойынша әртүрлі бұйымдардың көрмесі ашылды. Бұл жерде қазақтың ұлттық бас киімі, ши тоқу (шициновка), кілем тоқу (гобелен) өнерінің жұмыстарын көруге болады. 7-сынып қыздарының қағаздан папье-маше техникасында жасап, боялып, әшекейлеген кеселерін қызықтауға болады. Көрмеге «Наурыз» тақырыбында салынған суреттер ілінді. Мереке қарсанында «Поп-Арт» және «Микромир» сурет көрмесі ұйымдастырылып, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Нурсадыкова Жанат Даулеткановнаның жеке шығармасы ретінде «Көктем» тақырыбына арналған холст бетінде майлы бояумен салынған картиналарыда көрмеге қойылды. Көрме 11-20 –наурыз аралығында өтеді. Өткізген: көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Нурсадыкова Ж.Д. және Мусаипова А.Н.

nauryz

біртұтас тәрбие

@bilimastana @oqu_agartu_ministrligi @gani.beisembayev @akimat_nur_sultan @jenis__kasymbek @s_kassymkhan