Жырдың алмас қылышы

Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай мектебімізде 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Жырдың алмас қылышы» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында Нурбеков Абулхаир, Сатубалдин Әміржан ақынның өмірі жолы туралы қызықты ақпараттармен бөлісті. Бектас Әлішер, Бейсембаева Арина, Андашбеков Дарын ақын жырларын жатқа оқып берді. Оқушылар ақын тағдырын сахналық қойылыммен көрсетті. Махамбет рөлін Сыздыков Санжар шебер сомдаса, ал Истай батырдың рөлін Баянбеков Тамирлан ойнады. Кешке оқушылар үлкен жауапкершілікпен дайындалғаны байқалады. Сонымен қатар Султанов Шодиербек, Алиева Нарина, Тазабек Мухамедиар, Манап Батырхан, Рысбаева Амина, Навражин Эльмир сынды оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Кеш тізгінін Темирханова Касиет және Дәуренбек Данияр қолға алды. Аталған іс-шараға жауапты мұғалімдер: Г.М.Байгозина, Г.С.Калымтаева. Махамбет Өтемісұлы – Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны.