ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы негізінде «№22 мектеп-гимназиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдайды.
Бірінші сыныпқа қабылдау тәртібі:

• Білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумағында тұратын, алты жастағы балалар және ағымдағы күнтізбелік жылда алтыға толатын балалар қабылданады.

• Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және қағаз нұсқасында жүзеге асырылады.

• Құжаттардың тізімі:

  • Өтініш;
  • Сурет (3*4) – 2 дана;
  • Туу туралы куәліктің көшірмесі;
  • 063 форма (екпе)
  • Денсаулық паспорты (ағымдағы жылдың медициналық тексерісі);
  • ПМПК қорытындысы;
  • Файл